Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО-ның Париждегі штабында болып, ұйымның Бас конференциясының 38-сессиясына қатысты. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясы жұмыс жоспары бойынша Қазақстан Президенті баяндама жасау керек болатын. Жиын қатысушыларына баяндама жасау үшін сөз алған Нұрсұлтан Әбішұлы сессия қатысушыларына қазақ тілінде тіл қатты.
Естеріңізде болса, Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-сессиясында да бастан аяқ қазақ тілінде баяндама жасаған болатын.

Біләл Қуаныш
Париж