Аюды азаптап өлтірген

/uploads/thumbnail/20170708203102210_small.jpg

Екі баланы жарақаттаған аюды ауыл тұрғындары қатыгездікпен өлтірді

Ресейдің Приморье өлкесінде аңшылар  екі балаға шабуыл жасаған аюды қатыгездікпен өлтірді. Бұл туралы «Қамшы» порталы piter.tv-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Жабайы жыртқыш өз үйлерінің ауласында ойнап жүрген 8 және 12 жастағы мектеп оқушыларына шабуыл жасаған. Көптеген жарақаттар алған балалар ауруханаға жеткізілді. Ал аю болса  орманға қашып кеткен. Бірақ аңшылар оның ізіне түсіп, атып өлтірді.

Жергілікті тұрғындар сарапшыларды күтпестен осылайша кек алды. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеуде, деп хабарлайды piter.tv.

Қатысты Мақалалар