Үндістандық оқушысы Рубен Пол ұялы телефондарға арналған қосымшалар әзірлеу компаниясының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Baq.kz-ке сәлтеме жасап хабарлайды.
9 жасар вундеркинд мобильді қосымшалар құрастыратын жеке компаниясын басқарады және киберқауіпсіздік тақырыбындағы конференцияларда сөз алып жүр.
«Рубен ақпараттық технологияларға 5 жасынан бастап қызыға бастады. Осы кезде-ақ Scratch бағдарламасын айтарлықтай меңгеріп алды. Біраз уақыт өткен соң, бірнеше бағдарламаны үйренді. Ол математика пәнінен есептерді шешуге көмек беретін өзінің алғашқы қосымшасын жасап шықты», - деді Рубеннің әкесі.
Бүгінгі күні Рубен Пол "Prudent Games" компаниясының бас директоры болса, әкесі баласына қолдау көрсетіп, бизнес-серіктес.
Пікір қалдыру