Бүгін түс шамасында Орал қаласында бір қарт адам көпірден құлаған. Бұл туралы «Қамшы» порталы БҚО ІІД-і баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, марқұм оқиға орнында көз жұмды. Оның Орал қаласының 1932 жылғы тұрғыны екендігі анықталды.
Аталған дерек ҚР ҚК 105-бабы (өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Қазіргі таңда оқиғаның жай-жапсары анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдыру