Өздерін «Ирак пен Шамдағы ислам мемлекеті» атайтын ДАИШ лаңкестері Сирияда 200 баланы атып тастаған видео ғаламторда жарияланды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Mirror Online-га сілтеме жасап хабарлайды.
Видеоны лаңкестікке қарсы йемендік белсенділер жариялаған.
Оқиғаның видеосы дүйсенбі күні батыстың және Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарында да көрсетілді. Видеода содырлар балаларды атпастан бұрын олардың қолдары байлап, екпеттерінен жатқызып қойғаны көрінеді. Бұдан кейін содырлар автоматпен ата бастайды.
Басылымның мәліметінше, видеоның түпнұсқа екенін дәлелдеу әзірше мүмкін емес, бірақ ДАИШ содырларының бұған дейін де кепілге алған адамдарды, олардың ішінде жасөспірімдер мен балаларды атып, видеоға түсіргені айтылады.
Өз кезегінде Daily Mail басылымы болса балаларды ату оқиғасының 2014 жылдың тамыз айында болғанын болжайды. Басылымның мәліметінше, роликте Башар Асадтың армиясының жауынгерлері. Алайда мұнда да газет дәлел келтірмейді.
Пікір қалдыру