Америкалық боксшы Флойд Мейвезер Головкиннің алдағы жетістігі Андре Уордпен жұдырықтасуға келіскеніне байланысты деп есептейді. Бұл туралы Қамшы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Тек жақсы жұдырықтасу ештеңе шешпейді. Билеттерді сатып, PPV жұлдызы болу басқа дүние. Бұл жәй ғана төбелесуден де үлкен жұмыс. Мен мүмкіндіктерді пайдалана білдім. Қазір мен Головкин Уордпен кездесе ма, жоқ па соны көргім келеді", - деді Мейвезер.
"Менің Мэнни Пакьяомен кездескенімді барлығы қалады. Мені қорқаққа теңеді. Дегенмен біз келісіп, кездесуді өткізе алдық. Головкинді де Уордпен кездесуге мәжбүрлеу керек", - деді ол.
Пікір қалдыру