Алматыда той кортежі тағы да жол ережесін бұзды. Олардың екеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Өткен сенбіде Абай мен Байзақов көшелерінің қиылысында той кортежінің бірнеше көлігі жолда қауіп туғызатын маневр жасап, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Олардың әрекеті қаладағы бейнекамераларға түсірілген.
Қазір 2 көлік жүргізушісі ҚР ӘҚбК 601, 595-баптарының 1-бөлімімен жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, қарама-қарсы бағытқа шығып, жол қозғалысының қатысушыларына қауіп төндіретін маневр жасаған 2 адамның кім екендігі анықталды. Қалалық полиция қызметкерлері оларды іздеу шараларына кірісті. Видео 365 info.kz сайтында жарияланды.
Пікір қалдыру