Ұлттық валюта бағамын нығайтудың қажеті жоқ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708203301915_small.jpg

Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Сирил Мюллер Қазақстанның Ұлттық банкі ұлттық валютаның бағамын нығайтпауы керек деп санайды. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ойынша, мұнай бағасы төмендеген жағдайда валюта айырбасының еркін ауытқулары ең тиімді әдіс екен.

Nazarbayev Universityнде өткен дәрісінде ол ел Үкіметі ең алдымен валюта бағамымен емес, осы жағдайға алып келген себептермен күресу керек екендігін айтқан.

«Мен Ұлттық банк ұлттық валютаны нығайтуы керек деп санамаймын. Ұлттық банк не істеу керектігін біледі деп ойлаймын. Еркін жүзу бағамына көшу дұрыс шешім және осы саясатты жалғастыру» керек дейді Сирил Мюллер.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар