Жүктелер жұмыс жеткілікті

/uploads/thumbnail/20170708203313259_small.jpg

Ар тазалығы – жан таза­лығы. Бұл, әсіресе, Отанға қалтқы­сыз қызмет етіп жүрген мем­лекеттік қызметшілер мен ха­лық қалаулыларының қыз­метін айқындайтын бас­ты қа­ғи­­далардың бірі десек, қате­лес­пейміз. Сайлаушылардың ар­ман-мұраттары мен мақсат-тілектерін аманат ретінде арқалап, олармен жиі жүздесетін барлық деңгейдегі депутаттар билік ор­ган­дарындағы сенімді өкіл саналады. Ал артылған сенімді ақтау, оның нәтижелі болуы көбі­не-көп жеке белсенділікке байланыс­ты екені айтпаса да түсінікті. Кә­сі­би мемлекеттік ап­парат құ­­ру­дағы, заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі жанды іс-қимыл әрекет төменнен бастау алатынын ескерсек, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында атап өтілгендей 97-қадам, өзін өзі реттеу мен жергілікті өзін өзі бас­қаруды дамыту, азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту ар­қы­лы олардың құқықтары мен ер­кіндігін қамтамасыз ете алатын боламыз.
Осы тұрғыдан әңгіме өрбі­тетін болсақ, Уәлиханов аудан­дық мәслихатының бесінші шақы­­рылымында сайланған депутаттар демократия талаптарын қа­­таң сақтай отырып, өз қыз­меттерін заң аясында жүзеге асы­­рып келеді. Олар «Нұр Отан» партиясының мүшелері ретінде түрлі қоғамдық-саяси шараларға бастамашы болуды ізгі дәстүр санайды. Сөз арасында бүгінгі де­путаттық құрам тынымсыз із­денісімен, іскерлігімен, нақты ұстанымымен ерекшеленетінін баса айтқым келеді. Араларында қайта сайланған, жоғары білімді, білікті мамандар аз емес.
SAM_0008Мәслихат аса маңызды мәсе­лелерді күнібұрын белгі­легенде алдымен депутаттар кор­пусына арқа сүйейді. «Ке­ңе­сіп пішкен тон келте болмас» демекші, қабылданған шешімдер, біріншіден, мерзімінде орындалуға ықпал етері даусыз. Екіншіден, жауапкершілік сал­мағы жеке тұлға емес, көпшілік арқылы айқындалады. Үшіншіден, түпкі жұмыстың нәтижелілігіне бақылауға алынады. Мәселен, са­палы тіршілік нәрі біз сияқты шалғай аудан тұрғындары үшін өте маңызды мәселелердің бі­рі. Соған орай, «Ақбұлақ» бағдар­ла­масы қабылданғанда да, орын­далу жайы талқыланғанда да түрлі санаттағы жұртшылық өкіл­­­­дері кеңінен қатыстырылып, түйінді проблемалар күн тәртібіне шығарылды. Жа­уапты мекеме бас­шыларының есебі тыңдалып, өткір сауалдар қойылды.
Сол сияқты білім беру, денсау­лық сақтау, «Биз­нестің жол картасы-2020» бағдарламалары бо­йынша халықты жұмыспен қамту, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған қатысушыларға, тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік кө­­­мек көрсету, бұқаралық спортты дамыту, жеткіншіктерді отан­­шылдық рухта тәрбиелеу, тұрғын үй құрылысының жай-күйі, жер ресурстарын тиімді пайдалану сияқты маңызды мә­се­­лелер кеңінен қамтылды. Эко­­номика және қаржы бөлімі басшысының бюджеттің орындалуы туралы есебі тыңдалғанда, үнемделген қаржыны бірінші кезекте әлеуметтік салаларға бө­луге басымдық берілді. Аудан әкі­мінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы бірінші жартыжылдық есебін тыңдау барысында елді мекендер мен көшелерді көркейтуге, абат­тандыруға қатысты салмақты пікір­лер айтылып, ауылдық ок­руг әкімдеріне, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық бөліміне, «Мөлдір су» мекемесіне нақты тапсырмалар берілді.
Депутаттар тарапынан туын­даған сұрақтар санитарлық таза­лықты сақтауға, оның ішінде, аудан орталығы – Кішкенекөл ауы­лының жолдарын күтіп ұс­тауға, грейдерлеу жұмыстарын жүр­гізуге, көшелерге жарық тартуға, істен шыққан шамдарды ауыс­тыруға қатысты айтылды. Аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту 94,2 пайызды құрағанымен, 4 елді мекенге оның тасып жеткізі­летіні, мәселе шешілмеген күйінде қалып отырғаны сынға алынды. Сондай-ақ, игерусіз жат­қан ауыл шаруашылығы мақ­са­тындағы жерлерге байланысты мәселе тағы көтерілді. Себебі, өткен сессиялардың бірін­де бос жатқан тәлімі жерлерге базалық мөлшерлемелер 10 есеге дейін ұлғайтылған болатын. Алда ат­қарушы билік органдары мен салық басқармасының бірлесе жұмыс істеу міндеті тұр. Бұл аудан бюджетін толықтырудың бірден-бір резерві екені рас. Қоры­та айтқанда, 9 ай ішінде 41 мәселе қаралып, жұртшылықтың орынды сын-пікірлері жан-жақты ескерілді.
Бюджет, экономикалық реформа, өндірістік сала, экология, өзін өзі басқару, депутаттық өкілеттік және этика, азаматтардың құқы­ғы мен заңдылықты сақтау жә­не әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиялар күнделікті жұмыстарында сай­лаушылардың ұсыныстарын жете ескеріп отырады. Оларға Т.Оспанов және К.Жантілеуов секілді тәжірибелі депутат­тар жетекшілік етеді. Биыл төрт бірлескен отырыс өткізі­ліп, қаралған мәселелер нақ­ты­лығымен ерекшеленді. Кәсіп­керлікті дамыту, қоғамдық тәр­тіпті нығайту, қылмыстың алдын алу, тұтынушылардың құқығын қорғау, мүгедектерді әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік саясат шараларын мүлтіксіз орындау арқылы ғана белгілі нәтижеге жететінімізді халық қалаулылары талмай ұғындырып келеді.
Мәслихаттың көшпелі отырыс­тар өткізу тәжірибесі тұрғындар тарапынан кең қолдау тапты. Үстіміздегі жылғы көктемгі су тас­қыны кезінде депутаттар Мырза­ғұл, Тілеусай ауыл­дарында болып, жергілікті жағ­даймен жіті танысты. Бөгет­терге уақытында жөндеу жұмыс­тары жүргізілмеуіне байланысты қарғын су шайып кеткені анықталды. Тұрақты ко­мис­­сияның көшпелі отырысында плотиналарды, жолдарды қалпына келтіру туралы ауылдықтардың өтініштері қанағаттандырылды. Пошта қызметкерлерінің сапасыз жұмысы, электр қуатының жетімсіздігі, Мырзағұл ауылының клуб ғимаратын жөндеу жөніндегі өтініштері ескерілді. Тексеру барысында кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жазаға тартылып, кемшіліктер жойылды.
Сайлаушылармен тығыз қа­рым-қатынас орнатудың, ма­ңыз­ды мәселелерді билік орын­­­дарына жеткізудің жолда­ры көп. Солардың бірі – арнайы жа­­­­сал­­ған кестеге сәйкес сайлау округтерінде азаматтар­ды қабылдау. Бұрындары жұрт­шылық көбіне жеке басқа қатыс­ты мәселелер толғандырып кел­­се, енді тақырыптың басқа ауан­­­­ға ойысқанын байқаймыз. Мұ­ның өзі адамдардың қоғам­дық белсенділігінің, саяси ой-жүйесінің артқанын, қо­ғам­дық мәселелер бей жай қал­дырмайтынын байқатса керек. Оған күн тәртібіне ауыларалық жолдарды тегістеу, мектеп ғима­рат­тарын жөндеу, азық-түлік пен көмірдің бағасын тұрақ­тан­дыру, балаларға арналған ойын алаң­­дарын салу мәселелерінің шығарылуы дәлел. «Нұр Отан» партиясы филиалының Қоғамдық қабылдауында да ұсыныс-пікірлер ескерусіз қалмайды. Осылайша, депутаттар тиісті органдарға 48 са­уал жолдап, 35-і оң шешім тапты.
Депутаттар ауданның әлеу­мет­тік-экономикалық, қоғам­дық-саяси өміріне белсене атсалысып, демеушілік көмектерін көрсетіп отырады. Халықаралық балаларды қорғау күні және «Мектепке – жол» акциясы аясында 200 мың теңгенің қайырымдылық шаралары көрсетілді. Қарттар мен мүгедектерді қорғау айлы­ғында заттай, ақшалай, азықтай жәрдем­дер жасалады. Әр депутат өз округі бойын­ша аз қамтыл­ған жан­дарға, жалғызілікті қария­ларға, көпбалалалы отбасыларға жемшөп, қысқы отын түсіріп беру көмектерін ұйымдастырады.
Өз ойымды «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 99-қадаммен түйіндегенді жөн көрдім. Онда жазылған бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқық­тары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құ­жат­тар жобаларын талқылау бө­лігін­дегі рөлдерін күшейту талабы жергілікті мәслихаттар мен де­путаттарға тікелей қатысы бар.
Биік мақсаттарды бағындыру талмай еңбектеніп, үйлесімді әре­кет ете білуімізге тікелей байланыс­ты екенін халық қалаулылары жақсы түсінеді.

Дереккөз: Егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар