Сайлаушылардың құқығы құрметтелуі тиіс

/uploads/thumbnail/20170708203355806_small.jpg

Кеше Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында (ОСК) «Әйелдердің, жастардың және қоғамдағы әлеуметтік осал топтардың сайлау құқықтарының сақталуын қадағалау» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
 Астанада орналасқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бағдарламалар офисінің, аталған ұйымға қарасты Демо­кратиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро­ның, министрліктердің, орталық мем­лекеттік органдардың, Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының және үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері қатысқан семинардың ашылу сәтінде ОСК төрағасының орын­басары Владимир Фоос жұрт­шылыққа өзінің құттықтау сөзін арнады. Сондай-ақ, ол бұл басқосудың маңыздылығына тоқтала келіп, көрсетілген тақырып аясында өзінің ой-пікірлерін жеткізді.
– Бүгінгі семинар-тренингтің әйелдердің, жастардың және халықтың әлеуметтік осал топтарының сайлау құқықтарының сақталуын қада­ғалауға арналуының өзіндік мәні бар. Көбінесе елдің дәл осы топта­ры сайлау үдерісіне жеткілікті деңгейде тартылмай қалады. Сонымен қатар, олардың билік органдарына ұсынылуы да жеткіліксіз, – деді В.Фоос.
Жиын барысында Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі басшы­сының орынбасары Мирко Гюнтер семинарға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, азаматтардың сайлау құқығын заңмен қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін кеңінен сөз етті.
ЕҚЫҰ-ның Демократиялық инс­ти­туттар мен адам құқықтары жөнін­дегі бюросының (ДИАҚБ) сайлау ісі бойынша кеңесшісі Радивое Груич өз кезегінде гендерлік теңдікті сақтау тұрғысында баяндады. Оның айтуынша, гендерлік саясат және әйелдер құқықтары туралы кейбір негізгі халықаралық стандарттар мәтіндерінің сайлау үдерісіне тікелей қатысы бар.
Ал ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен әйелдердің сайлау үдерісіне қатысуына байланысты айта келіп, 2007-2015 жылдар аралығында елімізде өткен Парламент Сенатының, Мәжілістің, мәслихаттардың, сондай-ақ, ауыл округтері әкімдерінің сайлауларына ерлер мен әйелдердің қатысуына байланысты жасалған қорытынды талдау деректерін келтірді.
Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Баталова халықтың осал топтарының сай­лау құқықтарын қорғауды қамта­ма­сыз етудегі азаматтық қоғамның рөліне баса назар аударды.
ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев жоғарыда айтылған топтардың сай­лау құқықтарының БҰҰ мен ЕҚЫҰ құжаттары аясында сақталу мәселе­леріне тоқталды әрі осы жөніндегі Қазақстан мен ұйым арақатынасын сөз етті.
Сонымен қатар, жиында қаты­су­шылар сайлау науқандарында адам құқықтарын, халықаралық бай­қауды реттейтін БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның құжаттарын талқылады. Бұған қоса, олар халықаралық байқаудың ерекшеліктерін қарастыра келіп, Қазақстан өкілдерінің ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссияларының құрамында жүріп жинаған тәжірибелерімен бөлісті.
Тренинг соңында қазақстандық байқаушылардың тәжірибесін одан әрі жетілдіру бағытында пікір алмасу болды.

дереккөз: егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар