Сыбайлас жемқорлықты тұзақтау үнемі назарда

/uploads/thumbnail/20170708203400806_small.jpg

Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста Экономикалық ын­ты­­мақтастық және даму ұйымы­ның (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес жөнін­дегі іс-қимылының Ыстамбұл жос­­пары ұсынымдарын орындау, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде сы­бай­лас жемқорлықтың алдын алу жөнінде мемлекеттік орган­дардың қолға алған шаралары талқыланды.
Отырыс барысында Мем­ле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың, Қаржы ви­це-министрі Р.Бекетаевтың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынба­са­ры Р.Жүрсіновтің есептері тың­далды.
Г.Әбдіқалықова өз сөзінде сы­байлас жемқорлыққа қарсы тетіктердің тиімділігі Қазақстан Президенті ұсынған, елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған Ұлт жоспарын табысты іске асырудың бірден-бір шарты болып табылатынын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы нәтижелі іс-қимыл жасау барысында жемқорлыққа қарсы заңнаманы халықаралық талаптарды ескере отырып жетілдіру ісінің ерекше маңызы бар.
Қазақстан Республикасы сы­байлас жемқорлыққа қарсы ха­лық­аралық конвенцияларға қосылу, сондай-ақ, Ыстамбұл іс-қи­­мылдар жоспарының ұсы­­ным­д­арын орындау жөнін­дегі жұ­мыс­тарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Аталған ұсынымдарды орын­дау­дың маңызды стратегиялық мәні бар, өйткені, Қазақстан ЭЫДҰ-ға мүше болуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы бүгінде мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлық етек алған салалардың бірі бо­лып отырғанын айтты. Г.Әб­ді­қа­лықова қалыптасқан ахуал мемле­кеттік сатып алу саласында шешімдер қабылдаудың айқын­дылығын, оның ішінде осы процестерге қоғамдық бақылауды күшейтуді және электрондық ресурстардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды көздейтін қосымша ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер әзірлеуді қажет ететінін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

Дереккөз: егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар