Милан көрмесі аяқталды: ЭКСПО туы – Қазақстанда

/uploads/thumbnail/20170708203418228_small.jpg

Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесі шежіресінде аса табысты өткен көрмелердің бірі деп бағаланған Италиядағы «EXPO MILANO-2015» көрмесі салтанатты жағдайда жабылды. Милан көрмесінің жабылу салтанатында ЭКСПО туы Қазақстан Республикасына тапсырылды.
Төрткүл дүниенің назары ауған Милан қаласындағы ЭКСПО көрмесінің жабылу шара­сына арналған алқалы жиында Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес және ЭКСПО-2015 көрмесінің Бас комиссары Бруно Паскуино салтанатты жағдайда «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының басшысы Ахметжан Есімов пен Бас комиссар және ЭКСПО-2017-нің комиссары Рәпіл Жошыбаевқа ЭКСПО көрмесінің туын тапсырды. Италия республикасының президенті Серджио Матарелла Милан қаласында 6 ай бойы жал­ғасқан Бүкіләлемдік жетіс­тіктер көрмесінің жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде Италияда өт­кен көрмеге қаты­сушы­лардың бар­лығына шексіз алғы­сын білдіріп, «Астана ЭКСПО-2017-нің» сәтті өтуіне шы­найы тілегін білдірді.
Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің тарихында Миланда өткен «ЭКСПО-2015» көрмесі ең сәт­ті көрмелердің бірі деп баға­ланды. Бұл көрмені 21 миллионнан астам адам тамашалаған көрінеді. Әлемнің жетекші мемлекеттері қатысқан бұл көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық павиль­оны «Контент және тақы­рыпты үздік ашу» номинациясы бойынша ең үздік үштіктің қатарынан табылды.
Бұдан бұрын хабар­ла­ғаны­мыздай, 23 қазанда Қазақстан павильонының миллионшы қо­нағы болып Италияның тұрғыны Даниеле Берго танылған болатын. Миландағы Қазақстан павильонын көрме өткен мерзімде күн сайын 5 мың адам тамашалап отырған.
Сөйтіп, Бүкіләлемдік жетіс­тіктер көрмесінің туы Қазақстанға тапсырылды. Еске сала кететін болсақ, 2012 жылдың 22 қара­ша­сында өткен ХКБ-ның 152-ші Бас ассамблеясында жасырын дауыс беру нәтижесінде Қазақстан Рес­пуб­ликасының елордасы – Астана қаласы ЭКСПО-2017 Халық­аралық мамандандырылған көр­месін өткізу құрметін жеңіп алған еді. «Астана ЭКСПО-2017» Ха­лықаралық мамандандырылған көрмесінің басты тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» деп белгіленді. Бұл – жылдан-жылға планетамызға тигізетін әсері артып келе жатқан адамзаттың энер­гетикалық тұтыну проблема­сына деген халықаралық қауым­­дастықтың үлкен алаңдау­шылығын айқындайтын өзекті тақырып. ЭКСПО-2017 көрме­сінің басты тақырыбы мынан­дай бағыттар шеңберінде айқын­далмақ. Олар: Қоршаған ортаға көмірқышқыл газын шығару көлемін азайту; Тиімді энергетика жағдайындағы өмір салты; Бар­шаға бірдей энергия.
Көрмелер тарихының ше­жі­ресінде алғаш рет Қазақстан туы 1998 жылы Лиссабон қала­сында өткен ЭКСПО Халықаралық ма­мандандырылған көрмесінде желбіреген еді. Содан кейін Қазақстан 2005 жылы Жапонияның Нагоя қаласында өткен халық­аралық көрмеге толыққанды мүше ретінде қатысты. Одан кейін Қазақстан Республикасының Көк байрағы 2008 жылы Испа­ния­ның Сарагос, 2010 жылы ҚХР-дің Шанхай, 2012 жылы Корея Республикасының Йосу қала­­ларында өткен Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінде желбіреді.
Елордадағы ЭКСПО-2017 көр­месі 2017 жылдың 10 маусымында басталып, 10 қыркүйегіне дейін жалғасады деп жоспарлануда. Көрмеге 100 мемлекеттің өкілдері қатысады деп күтілуде. Қазіргі күнге дейін әлемнің 51 мемлекеті және 11 халықаралық ұйымы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қа­тысатындығын растады.

Дереккөз: Егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар