ҰРЛАНҒАН ҚЫЗ ОТБАСЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708203443526_small.jpeg

12 қараша күні Алматыдағы колледждердің бірінен күшпен ұрланған қыз отбасына қайтарылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Алматы қалалық ІІД-і баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қыз ұрлау дерегі бойынша ҚР ҚК-і 125-бабы бойынша іс қозғалып, қалада күдіктілерді ұстау бойынша іздеу шаралары басталған болатын. Сондай-ақ, күдіктінің туыстарына да қызды қайтару туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

 Бүгін таңға жуық ұрланған Айсел Байрамова туыстарына қайтарылды.

«Полицияға түсінік беру кезінде ұрланған қыз күдіктіге қатысты қандай да бір шағымы жоғын айтып, арыз жазудан бас тартты. Соған қарамастан, қылмыстық іс бойынша процессуалдық шаралар жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 125-бабы қосымшасына сәйкес ұрланған адамды өз еркімен босатқан күдікті өз әрекеттерінде басқа қылмыс құрамы болмаса,  қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қатысты Мақалалар