Ресей Федерациясының Мәдениет министрі федерация субъектілеріне Түрікой ұйымымен байланысты үзу туралы үкіметтік жеделхат жіберген, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Ресейдің мәдениет минситрі Владимир Мединский Алтай, Башқұртстан, Саха, Татарстан, Тыва, Хакасия республикаларының басшыларына осындай талап ойып отыр.
«Ресей мәдениет министрлігінің Халықаралық Түріксой ұйымына қатысты ұстанымын назарларыңызға ұсынамын» деп басталатын жеделхатта автономиялы республикалар басшыларына аталған ұйыммен байланысты дереу үзіп, қандай да бір қарым-қатынас жасауға қатаң тыйым салу туралы айтылған дейді «Известия» газеті.
Құрамына 14 түркі тілдес елдер енетін Түріксой ұйымы Татарстан бастаған Ресей құрамындағы түркі тілдес елдермен тығыз байланыс орнатқан. Осы ұйым шешемімен Қазан қаласы 2014 жылы «Түркі әлемінің астанасы» деп жарияланған еді.
Бұған дейін ел Премьер-министрі Д. Медведев Түркияға қарсы санкцияларды әзірлеу туралы тапсырма берген болатын.
Пікір қалдыру