Шығыс мәдениеті- кемел шыңына жеткен аса бай құндылықтарға толы тылсым әлем. Замана парақтары ашылған сайын оның қайталанбас өрнектері өзінің жұмбаққа толы сырларымен адамзат назарын баурап алатын қасиеттеріннен арылмақ емес. Шығыс мәдениетінің сан түрлі қатпарларға ие күрделi әлемi, бай мифологиясы, қолданбалы өнеріндегіайшықтардың қайталанбас формалары, ұлттық әуендері - Шығыс мәдениетiнiң ғажайып әлемінің құрамдас бөлегін түзеді.Таңғажайып өлең нақыштары –ғазалдары, сырға толы би элементтері, сәнді де салтанатты сәулет өнері, тамаша мүсiндер галереясы, шығыс ұсталарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдері мен ас мәзірі, көнеден мұра болып келе жатқан салт-дәстүрлеріөзінің қанық бояуынешқашан жоғалтпайды, қайта уақыт өткен сайын адамзат баласының қызығушылығын күшейте түсіп, баурап алатын қасиеті тереңінен тамыр жаюда.
Бүгінде осындай көркі көз тартарлық сұлу Шығыс мәдениетіның тылсым дүниесі Әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінің төрінде орын тепкен.Факультет өмірінің айнасына айналған Шығыс мұражайы күннен күнге нұрланып, мұражайы қоры толықсып жатыр. Мұражай тек шығыстану мамандар немесе университетіміздің студенттері мен магистранттары ғана емес, сонымен бірге шығыс мәдениетіне қызығушылық танытқан әрбір жан үшін танымдық, тәрбиелік мәні зор құнды мағлұматтарады бере алады.
Шығыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері құрамының бірлесіп құрған «Шығыс мұражайының» басты мақсаты – Шығыс халықтарының мәдениетін насихаттау болып табылады.
Қазіргі таңда мұражайда шығыс халықтарының сан қырлы рухани және материалды әлемінің мол ақпарат беретін жәдігерлер жинақталған:антикварлы бұйымдар,музыкалық аспаптар, ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, зергерлік бұйымдар, Шығыс мәдениеті жайында жазылған еңбектер т.б. құнды дүниелер.
Шығыстану факультеті жыл сайын Шығыс мәдениетінің фествивалін өткізіп тұрады: фестиваль аясында факультеттің орталық залында шығыс халықтарының ұлттық киімдері көрсетілімі өткізіліп, зал этнографиялық тұрғыда жабдықталады. Сонымен қатар факультеттің оқытушылары мен студенттері, магистранттары дайындаған шығыс ұлттарының ас мәзірі көрмесі өткізіліп, фольклорлық концерттік бағдарлама ұйымдастырылады, тұрақты түрде экспозициялар да өтіп тұрады. Сол секілді мұражайда отандық және шығыс мәдениеттері қайраткерлерінің шығармашылығына арналған көрмелер де жиі ұйымдастырылып тұрады. Шығыс Мұражайы — тек қана ірі көрме кешені ғана емес, сондай-ақ 5 ғылым докторы мен 25 ғылым кандидаты ғылыми зерттеу жүргізетін ғылыми-зерттеу орталығы. Мұражайдыңауқымды бөлігін алып жатқан тұрақты экспозицияны құрайтын «Шығыстың көркем мәдениеті», «Қытай өнері», «Жапония өнері», «Корея өнері»,« Оңтүстік Шығыс Азия өнері»,«Иран өнері», «Араб елдері өнері» «Үнді өнері», «Түрік өнері», « Қазақстан мен Орта Азия өнері», «Монғолия мен Тибет өнері»жайлы жарқын көрініс беретін тұрақты экспозициялар Шығыс мәдениетінің әр түрлі бай коллекциясы өткен дәуір мен замануи өнері шеберлерінің шығармашылығымен таныстырады.
Мұражайда ғылыми-зерттеу бөлімідерінің негізінде Шығыс халықтарының мәдени мұраларын, заманауи келбетін, болашағын кешенді түрде зерттеуге бағытталған ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі; ғылыми конференциялар мен семинарлар, дәрістер, шығармашылық басқосулар өтіп тұрады, мұндай іс-шараларға еліміздің түкпір-түкпірінен келген шығыстанушы ғалымдар, өнертанушылар, тарихшылар белсене ат салысуда. Мұражай құрылған екі жыл ішінде 20 шақты көрме ұйымдастырылды.«Шығыс Мұражайы» Шғыс халықтарының таңғажайып мәдениетін жан-жақты танып, тың ақпараттар аламын деушілерге өз есігін айқара ашады. Ежелгi Шығыстың мәдениетiн, даналығын, пәлсапасы мен рухын бейнелейтiн жәдiгерлердiң тарихымен танысып, мол мағлұматтар алғыңыз келсе,көрікті мұражайымызға келіңіздер, Шығыстың таңғажайып тылсым әлеміне еніңіздер!
Аида Кенжебаева,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетi қытайтану кафедрасының доцентi.
Пікір қалдыру