Путин Түркия билігін ДАИШ-қа қолдау көрсетуде деп айыптады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708204908475_small.JPG

 

Ресей басшысы В. Путин Түркия билігіннің Су-24 ұшағын атып құлатуға мәжбүрлеген себептерді мәлімдеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Біздің қолымызға қосымша мәліметтер түсіп отыр. Өкінішке орай, ол мәліметтер ДАИШ ықпалындағы аймақтардан мұнай өнімдері ірі көлемде, өнеркәсіптік масштабта Түркия аумағына жеткізілетінін растап отыр. Біз осыған қарап, Түркия біздің ұшағымызды Түркияға мұнай тасу жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатынан туды деп айта аламыз» деді В. Путин Париждегі экология тақырыбындағы конференциядан соң өткізген баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, В. Путин Ресей ұшағын атып құлату туралы шешімді Түркия Президентінің өзі қабылдады деп ойламайтынын да айтқан.

Естеріңізге салсақ, 24 қараша күні Түркия әскери әуе күштері Сириядағы ДАИШ содырларының нысандарын бомбалап жүрген ресейлік Су-24 ұшағын атып құлатқан еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар