Кеше Түркияяның Стамбұл қаласындағы метро стансасы маңында жарылыс болып, бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс кеше Стамбұлдағы «Байрампаша» метро стансасында болған. Жарылыстан 1 адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алғаны айтылуда.
Қазір полиция жарылысқа қатысы бар күдіктіні анықтады деп хабарлануда.
Интернет желісінде орын алған жарылыс туралы көше камераларында түсірілген бейне жария етілді. Бұл видеоны YouTube-дегі өз арнасында түріктің Daily Sabah басылымы орналастырды.
Пікір қалдыру