Түркия әскерилері қаза болған Ресей ұшқышының мәйітін еліне қалай қайтарды? (ВИДЕО, ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708204949538_small.jpg

Қарашаның соңында Түркия әскери әуе күштері Ресейдің Су-24 ұшағын Түркияның әуе кеңістігін бұзды деп атып түсірген болатын. Зымыран тиген ұшақтан екі ұшқыш парашют арқылы секіргенмен, олардың біреуін Сирия аумағындағы түркімен жасақтары жерден оқ атып өлтірді.

Оқиғадан соң қаза болған Ресей ұшқышы Олег Пешковтың мәйітін Түркия әскерилері ресейліктерге тапсырды. Жақында pressafoto.ru сайтында аталған рәсімнің суреттері жарияланды. Ол суреттерден Түркия тарапы мәйітті ТМД елдерінде дәстүрге айналған мырыш табытқа емес, ағаш табытқа салып, бетін Ресей туымен жауып, құрмет қарауылының күзетімен табыстағанын көруге болады. Бұл рәсім бұған дейін ешбір ресейлік ақпарат құралдарында жарияланбады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар