Алматыда Бостандық ауданы, Желтоқсан көшесі бойында орналасқан ғимарат өртеніп жатыр. Шұғыл хабарламаны қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.
Қазір өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр. Тілсіз жау 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Алдын ала белгілі мәлімет бойынша ғимаратта ешкім тұрмайды.
