Айгүл Мүкей "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан кетті

/uploads/thumbnail/20170708205043367_small.jpg

Танымал журналист Айгүл Мүкей "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан жұмыстан шығып кетті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, енді ол танымал журналдардың бірінде бас редактор болып жұмыс істейді. 

2014 жылы ол "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының баспасөз қызметіне жұмысқа тұрған болатын, ал таяуда маркетинг департаментінің директорының орынбасары болып тағайындалған. "Мен компаниядан өз қалауыммен кеттім. Арыз жаздым, бүгіннен бастап мен "Астана ЭКСПО-2017" компаниясында жұмыс істемеймін. Бұл ірі жоба, көрме үшін бәріміз алаңдап, қолдау білдіреміз. Компания үлкен (...) Жұмыстан кетуіме айтарлықтай себеп болмады, бірақ мен шаршадым, жұмыс ауыстыруды шештім", - деді Мүкей. 

Айгүл Мүкей - Қазақстанның танымал тележүргізушілерінің бірі. Түрлі қызметтерде, оның ішінде БАҚ-тарды басқарды. Бірнеше рет ең сұлу қазақстандықтардың үздік ондығына кірген. «Еларна» телеарнасын басқарған ол бала күтіміне байланысты демалыстан шыққан соң, былтыр «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне жұмысқа орналасқан еді. 


 

 

Қатысты Мақалалар