Бүгін РФ басшысы Владимир Путин дәстүрлі Жолдауын жасады. Федералды жиналыс Сириядағы операцияда қайтыс болған әскери қызметшілерді бір минуттық еске алумен басталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Бүгін Үлкен Кремль сарайының Георгий залында, орыс әскери даңқының тарихи залында Қарулы күштердің өкілдері, Сириядағы лаңкестікке қарсы операцияларға қатысушылар отыр. Лаңкетікпен күресте жұбайларынан айрылған Ирина Пешкова мен Ирина Позыныч те бізбен бірге. Сіздерге және батырларымыздың ата-аналарына мың тағзым» деді В. Путин өз сөзінде.
Ресей Президенті Жолдауында даму көрсеткіштері мен білім беру, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, экономикалық даму, капиталға амнистия жариялау, лаңкестікпен күрес сыды бірқатар мәселелерді айтты. Түркиямен арадағы кикілжің де назардан тыс қалмады.
«Кез келген мәселе, сұрақ, қайшылықтар басқа да жолдармен шешіледі. Біз Түркиямен барлық мәселелер бойынша әріптестікке әзір едік. Олардың мұндай әрекетке неге барғанын бір Алла ғана білетін шығар» дедй В. Путин Түркияға қарата.