Ақтөбеде қызметтік көлікпен жеке мектепке күнде оқушыны апаратын шенеунікті тұрғындардың бірі фотоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салған деп хабарлайды «Қамшы» порталы nur.kz-ке сілтеме жасап.
“Қаншалықты дұрыс екенін білмеймін. Бірақ, мына мемлекеттік нөмірдегі көлік күнде таңертең жеке мектепке бала әкеледі. Бала өзінің баласы ма, әлде басқа біреудікі ме, білмеймін”, – деген тұрғын өзінің куә болған көрінісін әлеуметтік желіге салған.
Айтуынша, сурет Ақтөбедегі “Шаңырақ” жеке мектебінің алдында түсірілген.