Edeka неміс супермаркеттер желісі жариялаған жаңа жылдық ролик бірнеше күннің ішінде 20 млн рет қаралған. Бұл туралы «Қамшы» порталы “Дождь” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бірнеше күнде 20 млн рет қаралған жаңа жылдық ролик көпшілікті таң қалдыруда. 28 қараша күні жарияланған ролик күн санап танымалдыққа ие болып жатыр.
Бейнероликте жыл сайын жаңа жылды жалғыздықта қарсы алатын қарияның өмірі баяндалады. Балалары мен немерелерін сарғайып күтетін қарияның бейнеролигі көргендердің жүрегін елжіреткен.
Жарнамаға саундтрек ретінде Supreme Music тобының Dad әні пайдаланылған.