Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді деп хабарлайды «Қамшы» порталы BNews.kz- ке сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, түнде Солтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейеді, кей жерлерде жылдамдығы 25, екпіні 30 м/с-тан асады, Жамбыл өңірінің жекелеген аудандарында тұман түседі деп күтілуде.
Алматы облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды, Жалаңашкөл ауданында екпіні 25 м/с-ке дейін барады, түнде кей бөліктерде тұман түседі деп күтілуде.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз Қызылорда облысында екпіні 25 м/с-ке дейін барады, тұман түседі, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысында тұман, күндіз жел күшейеді, бұрқасындатады.
Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұрқасындатады.
Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ, түнде тұман, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, жекелеген аудандарда 28 м/с-ке дейін барады. Бұған қоса «Қазгидромет» дабылды ескерту туралы хабарлайды.
5 желтоқсанда Астанада тұман түседі, көктайғақ. Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, 5-6 желтоқсан күндері солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысында күн жауын-шашынды, 5-6 желтоқсан күндері оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20, кей жерлерде 25, екпіні 30 м/с жел соғады.