Қазақстан Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағанбетов жас офицерлерді наградтады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
61993 әскери бөлімінде өткен салтанатты жиында Иманғали Тасмағанбетов Құрлық әскерлері Әскери институтын екі жыл бұрын тәмамдаған, бүгінде түрлі әскери бөлімдерде қызмет етіп жүрген жас сардарларды наградтады.
«Жақында Мемлекет басшысы халыққа Жолдауын жариялады. Онда Елбасы қазіргі жаһандық жағдайдың қауіп-қатерлері туралы айтты. Біздің алдымызда қабылетті әскер мен кәсіби сардарлар қамтамасыз ететін қауіпсіздік мәселесі тұр. Бүгінгі шара дәстүрлі сипатына қарамастан, ерекше маңызға ие. Бұл Президент бастамаларының нақты жалғасы», - деді Иманғали Тасмағанбетов.
Жас сардарлар министр қолынан алғыс хаттар, бағалы заттар мен «Үздік маман командир» белгілерін алды.