Тәжікстанда «ұлттық сипаты бар» есімдер тізімі әзірленуде. Енді ата-аналар жаңа туылған сәбилеріне осындай есім қоюлары керек, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Нұр Астана» мешіті сайтына сілтеме жасап.
Аталған тізімде 3 мыңға жуық тәжік есімдері бар. Халық бұл талапты орындауға Азаматтық жағдайды мемлекеттік тіркеу актілері туралы заң жобасы мақұлданғаннан кейін көшеді.
Қазіргі уақытта жаңа туған сәбилерді тіркеу кезінде АХАЖ қызметкерлері ата-аналарға ұлттық есімдер брошюрасын ұсынуда. Әзірге ұсыныс ретінде қолданысқа енген бастама заң жобасына қол қойылған күннен бастап өз күшіне ие болады.