Құлатылған Ресей ұшағының «қара жәшігін» халықаралық сарапшылар зерттемек (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708205324033_small.JPG

  Кеше Сирия әскері Азер тауынан 24 қарашада атып құлатылған Су-24 әскери ұшағының қара жәшігін тапқан болатыр. Ресей президенті В. Путин елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгуға аталған құрылғыны халықаралық мамандардың қатысуымен ашуды тапсырды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Мен әзірге мұны (қара жәшікті- ред.) ашпауларыңызды сұраймын. Құрылғы шетелдік мамандарды қатыстыра отырып, мұқият зерттелуі керек», - деді қорғаныс ведомствосының басшысына В. Путин.

Сондай-ақ, Ресей басшысы «қара жәшіктегі» ақпараттар Анкараға деген қарым-қатынасты өзгертпейтінін айтқан.

 

Қатысты Мақалалар