90 ға келіп қалған шешемді жетелеп, Құнанбайға барып құлазыыып қайттық.. Ат қорадай дәу залдың ішінде таздың басындағы адасып шыққан қылтанақтай 5-6 көрермен болдық...
"Самородный сары алтын, саудасыз берсең алмайды, Самарқанның бөзіне".. .
Қайран, Абай, баяғы жартас, сол жартас. "Побег из аула" деген Самарқанның бөзіне қырылысып барып, күлкісі көмір болғырлар күліп шығып жатыр..
"Франкештейнде" халық жыртылып айрылады...
Ал, Ұлы Құнанбайда таздың басындағы шошып шыққан қылтанақтай 5-6 кәрі-құртаң...
Шешем "Әкәу ана Шаншарда ине шаншарға жер болмай отыратын халық мына киноға неге келмейді ә",- деп таң қалады. Не деп жауап бересің?!
Сценарий да керемет, кино да ғажап! «Біржан салды» да бірнеше қайталап көріп, айызым қанып еді... Құнанбайдан да тұщынып қайттым... Түсірілім қандай, киімдері, әртістер қалай?! Құнанбай тамаша, сенімді шыққан... Барақ сұлтан қандай?! Таласбек ағаны тірісінде елемей, қайтқанда шулап едік. Досхан ағамызды риза қылып, осынша еңбегін бағалайыққшы. Киносына барайық, ұлттық өнерімізбен сусындайық!
Ахметбек Нұрсиланың «Фейсбук» парақшасынан