Қазақстанда ең көп еңбекақыны кім алады?

/uploads/thumbnail/20170708205340596_small.jpg

HeadHunter Қазақстан компаниясы қазақстандықтардың еңбекақы көлемін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Сауалнамаға сәйкес, 2015 жылы күзде шикізат өндірісі, кеңес беру, құрылыс және құқықтану салаларында еңбек ететіндер ең жоғары еңбекақы алған.

Сарапшылар 2015 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында жарияланған бос жұмыс орындарына талдау жүргізген. Осылайша олар қай сала мамандарына ең жоғары жалақының ұсынылатынын анықтады. Нәтижесі төмендегідей:

Шикізат өндірісі - 275 000 теңге (қазан 2015);
Кеңес беру - 187 000 теңге (қазан 2015);
Құрылыс - 150 000 теңге;
Құқықтану - 150 000 теңге (қараша 2015);
Өндіріс - 140 000 теңге (қыркүйек 2015).
Ең төмен жалақы мына сала мамандарына ұсынылған:

Әкімшілік қызмет - 80 000 теңге (қыркүйек – қазан 2015);
Қауіпсіздік - 85 000 теңге (қыркүйек, қараша 2015);
Ғылым, білім - 90 000 теңге (қыркүйек 2015).

"Кейбір салада қыркүйек және қараша айларының аралығында бақылау жүргізу арқылы жалақының біртендеп өскенін байқадық. Мысалы, мына салаларда: ақпараттық технологиялар; бухгалтерия, басқарушылық есеп, кәсіпорын қаржысы; маркетинг, жарнама, PR; әкімшілік қызмет; банктер, инвестициялар, лизинг; қызметкерлерді басқару, тренингтер; ғылым, білім; сауда", - деп мәлімдеді НeadHunter Қазақстан сарапшылары.
                              

 

Қатысты Мақалалар