Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскери оқу орындарының курсанттары және әскери кафедралардың студенттері арасында Қарулы күштердің ІІІ Спартакиадасы өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған Спартакиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-құрлық институтында болып өтті.
Марапаттау рәсімін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары Әмір Халықов жүргізіп, Спартакиада жеңімпаздарын арнайы грамоталармен марапаттады. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттары жүлделі бірінші орынды жеңіп алды және арнайы Қарулы Күштердің кубогымен марапатталды.

«Жаңа бәсеке заманында өздерінің мықты маман-офицер болуға деген ынтасын үнемі дәлелдеп келеді. Болашақ офицер маманы барлық тұрғыдан шыңдалған, ұрыс тактикаларын сенімді түрде қолдана алатын, саптық және жауынгерлік даярлық әзірліктерінен мықты болуы тиіс. Бұл – заман талабы», - дейді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары Әмір Халықов.