Бүгін Алматы қалалық қорғаныс істері басқармасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланынының қатарына әскерге шақырушылардың алғашқы тобы жөнелтілді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Жастарды әскер сапына аттандыруға арналған салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ардагерлері Иван Комаров және Дмитрий Фалеев, ұлттық ұлан офицерлері қатысып, кейінгі буын сарбаздарға өздерінің әскери жолдарында жүріп өткен тарихи тағдырларымен бөлісіп, оларға жүрекжарды тілектерін арнады.
«Жастарды осындай салтанатты жағдайда әскерге аттандырудың басты мақсаты әскерге шақырушылардың жүректерінде Отан қорғауға деген патриоттық сезімін оятып, Отан алдындағы борышын адал өткеріп келуге жігерлендіру», - делінген Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі таратқан хабарламада.