Нарықпен бірге жарнама саласы да елде күн санап жетіліп келеді. Уақыт өте келе жарнаманың түрлі формалары мен әдістері қолданысқа енуде. Осы орайда, Tele 2 операторы өз жарнамасында жіберген олқылық туралы қолыма қалам алып отырмын.
Әрине, қанша жерден жарнама, бәсекелестік дегенмен, туған елімнің, туған жерімнің атауының дәл осылай мазақ болғаны, "Қазақстан" деген қасиетті сөздің быт-шыт болып, бөлініп, сындырылғаны көңіліме ауыр тиді. Ақша мен жарнамадан да биік тұратын дүниелердің бар екенін Теле2 ұмытқан сыңайлы. Базбіреулерге бұл болмашы іс, елеуге тұрмайтын дүние болып көрінуі мүмкін, Бірақ, бүтіндей қарайған халыққа мекен болып отырған ел атауын қорлауды сұмдық іс деп білемін.
Тиісті орындар қоғамда наразылыққа ұшыраған осы өрескел қатені түзетуге ықпал етеді деп сенемін.
Алмас Сәкенов