МҮФТИЯТ НЕ ДЕЙДІ, ЕЛ НЕ ДЕЙДІ?

/uploads/thumbnail/20170708205355080_small.jpg

Мүфтияттың Аллаh Тағаламыздың есіміне қатысты шығарған патуасы қалың  бұқара арасында түсініспеушілік тудырды. «Аллаһ» деген Жаратқан Иеміздің ең ұлық сипаты. Аллаһты «Алла» деуге үндеуінің себебі – ел ішінде әркімнің әр қалай айтуынан туған мәжбүрлік.

Алаш зиялыларының бәрі хат таныған, Құранды оқыған, төте жазуды білген. Ахмет Байтұрсынов сүрелерде де, қазақтың көптеген сөздерінде де «һ» әріпінің өте жиі кездесетінін ескеріп, әліпбиге арнайы енгізсе керек-ті. Абай хакімнің «Аллаһ» демей «Алланың Өзі де рас, сөзі де рас» дегені ақиқатында рас па? Бәлкім, ол да мәжбүрліктен «Алла» деген шығар. Сонау патша өкіметінен бастап, бертінге дейін ұлт зиялыларының қолжазбалары қатаң қадағалауда болып, тіпті, жарыққа шықпай жойылғаны да бар. Ал, бұрынғы бабаларымыз «Аллаһ» деді ме, жай «Алла» деді ме, оны өз құлағымен естіген ешкім жоқ. Ікәмат басқада.

Қазір көпшіліктің дені не «Алла» дейді, не «Аллах» дейді. Ал, «Аллаһ» дегенде «һ» қаріпі тамаққа тіреліп бітпей, демнің екпіні кіндікке түсіп аяқталуы тиіс. Әттеген-айы, оны екінің бірі дұрыс айтпайды, айта да алмайды. Көбінесе «Аллах» деп жібереді. Шынтуайтында, «Х» мен «Һ» әріптерінің дыбысталуы екі басқа ғой.    

Ал, Бас Мүфтидің «-аһ ұрып кетті» деуі осыдан. Әнебір жылдары зікіршілер «Аллах, Алла-ахылап» шыққанда, солар сықылды «Аллах» деп іліп әкетті біраз жұрт. Діннен хабарсыздықтың салдары ғой. Керек десеңіз, өзбектер «Аллоқ» деп те жүр. Көбіне «Аллах» деп әлеуметтік желідегі жазбаларда байқалады. Оның арасында телефонында қазақ әріптері жоқ немесе латыншаға ауыстыруға ерінетіндер бар. Ал, біреулер қасақана «Аллах» деп жазады. Бәрінің кесірі «Аллаһ» деген тура атауға тиді.  

Раббымыздың есімін дұрыс атамау – Исламда ауыр күнә саналады. «Аллаһ» дегенде «һ» әріпіне ешқандай зіл түсірмей, жеңіл деммен дұрыс айту керек. Араб тілінің заңдылықтарына сай бір қаріп орнымен аталмаса, сөздің мағынасы өзгеріп кетеді. «Аллах», «Аллоқ» деу де дәл солай, бұрыс мән береді.

  Мүфти Хазірет меңзегендей «Алла» десе, ақырғы «а» әріпіне түскен екпін, деммен «һ» әріпін айтқандай тура аяқтайды. Халқымыз «Раббым», «Хақ Тағала», «Құдай», «Тәңір» деп те айтқан. Қалай атасақ та бір Иләһқа иман келтіргеніміз рас қой. Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұл патуасы халықты күнәдан сақтандырғаны деп қабылдаған жөн. Жанашырлығы үшін Жаратқанның рақымына бөленсін.

Ал, Құранның «Ниса» сүресінде (59-60) «Ей, мұсылмандар! Аллаһқа мойынсұнып, Пайғамбарға (Мұхаммед с.а.у) мойынсұнып, әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар! Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар Аллаһқа және Пайғамбарға тапсырыңдар!» деген. Бұл жерде «әмір иелері» дегеннің ішіне Мүфтилер мен имамдар да айтылған.

Баяғыда имамдарды «Аллаһ» деп тура айтып үйренгенше ұстаздары таяқтаған екен. Ұстаздың таяғынан Құдайдың Қаһары ауыр екенін білейік. Жаратқанның есімін қате атап және Муфтияттың патуасына тыңдамай екі есе күпірлік етпейік.  Жаббар Иеміздің құдіреті мен құзыреті, мейірімі қандай шексіз болса, есімдері де бәрімізге жетеді, Шүкір. Дін аман, бауыр бүтін, ел іші тыныш болсын!  

Мөлдір Нұрман

"Қамшы" сілтейді 

Қатысты Мақалалар