Бүгін түнде Алматы қаласында 80 жол-көлік оқиғасы тіркелген, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы қаласы ІІД-і баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше қалалық төтенше жағдайлар департаменті қарға ұлсақан жауын болатынын хабарлап е керту жариялаған болатын. Төтеншеліктердің айтқаны айнымай келіп, түнімен Алматыда қар жауды. Жауын-шашын салдарынан жол қозғалысы қиындап, бүгін түнгі 00.00 сағаттан таңғы 11.00-ге дейін қала аумағында 80 жол апаты тіркелген.
«Аталған жол апаттарында бірқатар адамдар жеңіл дене жарақаттарын алған. Қаза тапқандар жоқ» делінеді ІІД-і таратқан хабарламада.