Қ.Тоқаев: Елбасы Жолдауы жаһандық сын-қатерлерді табысты еңсерудің тура жолын айқындап берді

/uploads/thumbnail/20170708205409456_small.jpg

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев жиынды бастамас бұрын ҚР Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауына байланысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Сенат Төрағасы сөз басында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ел өміріндегі аса маңызды оқиға ретінде атап өтті. 

Оның пікірінше, Президент әлемдік экономика мен геосаясатта қалыптасқан күрделі ахуалға талдау жасап, жаһандық сын-қатерлерді табысты еңсерудің тура жолын көрсетіп берді.

«Әлем елдері жаһандық дағдарысқа төтеп беру үшін барынша талпыныс жасап жатқан кезде Елбасы ұсынған бұл стратегия еліміздің дамуының жаңа деңгейіне бағытталған нақты бағдарлама болып отыр. Экономикалық өсім, табысты реформалар және тұрақты даму біздің кешенді жоспарымыздың басты мақсаттары болмақ. Осыған байланысты Президент таяу уақытта жүзеге асырылуы тиіс бес ауқымды міндетті айқындап берді», - деді спикер. 

Бұдан бөлек, Қ.Тоқаев Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттарға да тоқталып өтті. Оның пайымынша, Президент ұсынып отырған жаңа әлеуметтік саясаттың түпкі мақсаты - жоғары сапаны қамтамасыз ету және нақты мұқтаж адамдарға атаулы әлеуметтік қолдау көрсету.

«Басқаша айтқанда, бұдан былай мемлекет әлеуметтік салада әлсіз қорғалған азаматтарды қолдауға және адам капиталын дамытуға барынша ден қойылатын болады», - деді спикер. 

Осыған байланысты Сенат Төрағасы депутаттық корпус алдында жауапты жұмыстар тұрғанын айтып, маңызды міндеттерді орындау үшін күш-жігер салуға сенім білдірді.

 «Қамшы» сілтейді

 

Қатысты Мақалалар