Алматылық полицейлер жезөкшелерге қырғидай тиді (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708205423878_small.jpg

Алматы қаласы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы екі күн бойы қалада жеңіл жүрісті қыздарды анықтау және тиісті жазаға тарту бойынша арнайы рейд өткізді. Рейд барысында 182 жезөкше анықталған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы қаласы ІІД-і баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұсталған 182 жезөкшенің жетеуі Өзбекстан азаматшалары көрінеді. Барлық ұсталған қыздар ішкі істер органдарына жеткізілген. Шетелдік жезөкшелер бір ай мерзімге уақытша ұстау изоляторына жабылып, бір айдан соң ел аумағынан шығарылады» делінген ІІД таратқан хабарламада.

Полицейлер хабарлағандай, жеңіл жүрісті 55 қыз қоғамдық орында көпшілікті мазалағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылатын болады. Сондай-ақ, рейд барысында 5 жеңгетайлық көрсету дерегі анықталған.

Сонымен қатар, шара барысында жеңіл жүрісті қыздарға «қызмет алаңын» ұсынған қонақ үйлер де анықталып, жазаға тартылуда. Жыл басынан бері полицейлер Алматыдағы жезөкшелерге бөлмелерін ұсынып келген қонақ үйлерге 16 миллион теңгеден астам айыппұл салған.

 

   

Қатысты Мақалалар