3 желтоқсанда Алматы іргесіндегі Өтеген батыр кентінде жоғалып кеткен қыз бүгін табылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғалған қыздың табылғандығы туралы бұған дейін «Фейсбук» әлеуметтік желісінде ерікті іздеушілер тобы да хабарлаған болатын.
«3 желтоқсан күні Жетіген елді мекенінде тұратын Айзада Авлатарованы іздестіруге полиция қызметкерлерімен қатар Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылған болатын. Бүгін жоғалған қыз Іле ауданының аумағынан табылып, Қапшағай қаласындағы полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Айзаданың табылғандығы туралы оның туыстарына да ескертілді. Сонымен қатар, оны ұрлады деген күдікпен ұсталған азамат та полицияға жауап беруде» деді Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Нұрбай Бектұрсынов.
Естеріңізге салсақ, 20 жастағы Айзада Авлатарова 3 желтоқсан күні Жетіген елді мекенінен Өтеген батыр кентіне сабаққа шығып, орта жолда жоғалып кеткен болатын.