Қарағанды облысының бұрынғы әкімі сотта ақтық сөзін сөйледі, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтқан Бауыржан Әбдішев мемлекеттік қызметте тек халық пен Президент мүддесі үшін еңбек еткенін айтты.
«Мен өзімнің барлық саналы өмірімді Отаныма арнадым және оның адал азаматы болдым. Көп балалы отбасынды туып-өстім. Біздің отбасымыздағы басты құндылық адал еңбек болды. Мен өмір бойы, 8-сыныптан бастап адал еңбек еттім. Сол еңбегімнің арқасында, Елбасының арқасында маңызды лауазымда болу құрметіне ие болдым» деген Б. Әбдішев өзінің мемлекеттік қызметте Елбасының адал сарбазы болғандығын айтты.
«Уақыт пен шындықты жеңген ешкім жоқ. Барлығын уақыт өз орнына қояды. Халық менің істеген жұмысыма алғысын айтып келді, айтып та жатыр» деді Б. Әбдішев.
Айыптаушы тарап, Қарағанды облысы ның бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевті жеті жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза сұрағанын естеріңізге саламыз.