Прокурорлар дағдарыс салдарынан қылмыстың көбейетіндігіне алаңдаулы

/uploads/thumbnail/20170708205426393_small.jpg

Астана прокуратурасы экономикалық дағдарыс салдарынан қылмыс саны көбейіп кетеді деп қауіптенуде. Бұл туралы брифинг барысында Астана қалалық прокурорының көмекшісі Руслан Әйтімов айтты.

«Бұл бүгінгі брифингіміздің басты себептерінің бірі болып отыр. Дағдарысқа байланысты біздер мұндай жайт орын алуы мүмкін деп қауіптенудеміз. Өздеріңізде түсінесіздер ғой, Астана - біздің елордамыз. Ресми статистикаға сәйкес мұнда шамамен 800 мың адам тіркелген. Бұған қоса, күн сайын қалаға барлық өңірден адамдар келеді», - деді ол.

Осы ретте прокурор көмекшісі әсіресе алаяқтық қылмыстың өріп кету мүмкін екендігін баса айтты. «Дегенмен, біз де қылмыстың алдын алу жұмыстарын тыңғылықты жүргізудеміз», - деді Р.Әйтімов.

Айта кетерлігі, алаяқтықтың алдын алу үшін прокуратура елордалықтарға арналған арнайы ескерту парақшасын да дайындап қойған. Онда алаяқтың арбауына қалай түсіп қалмау керектігі жазылған.  

 

 

Қатысты Мақалалар