Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан тумасы, РФ Қарулы күштерінің әскери қызметшісі, полковник Серік Сұлтанғабиевті әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін марапаттады. Бұл туралы «Қамшы» порталы «РИА Новостиге» сілтеме жасап хабарлайды.
“Полковник Серік Сұлтанғабиев — әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін марапатталды. Ол 2014 жылы оқу-жаттығу шаралары кезінде сарбазды граната жарылысынан құтқарды”, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ресейдің әскери полигонында қазақ полковнигі гранатаны денесімен жауып, бірнеше әскери қызметшіні құтқарып қалған еді.