Үкім шығар күн жақын

/uploads/thumbnail/20170708205431003_small.jpg

Қарағандыда өтіп жатқан экс-премьер-министр Серік Ахметов пен Қарағанды облысы мен қаласының экс-шенеуніктеріне қатысты сот ісі аяқталуға жақын. Қазір Қарағанды облыстық сот залында екі жақты пікірталас өтіп жатыр. Жақын арада 21 сотталушыға қатысты сот үкімі жариялантын болады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 

 Пікірталастың алғашқы күнінде мемлекеттік айыптаушы Диар Әділов алдын-ала кесіп айтқан талаптары өзгергенін мәлімдеп, сот ісінің басты айыпталушысы Серік Ахметовті 5 жыл мемлекеттік қызметтен аластатып, мүліктік тәркілеу жариялауды және 12 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.

Сот отырысы барысында сотталушы Серік Ахметовке Қарағанды облысы әкімі лауазымын пайдаланып қызметкерлерге қысым көрсетті деген айып тағылды. Жауапқа тартылған айыпталушылардың бірі «Центрстрой-комплект НС» ЖШС өкілі Әлжан Ақмолдаев экс-премьер-министр су құбырларын тазалау стансасын салу кезінде мердігерлік ұйымдарды таңдауда заңсыздыққа жол бергенін айтты.

Ақмолдаевтың айтуынша, Ахметов 4 млн доллар көлемінде пара алған.

Сондай-ақ, сот отырыстарының бірінде жылыжай құрылысы жайлы деректер келтірілді. «Топар жылыжайлары» ЖШС келісімінің бағасы заңсыз жолмен ұлғайтылған деген ақпарат түсті. Одан мемлекетке 1,1 млрд теңге залал келген.

Осы сияқты бірнеше айып тағылған Серік Ахметов ісіне қатысты сот үкімі жақын арада жарияланатын болады.

Кілт сөздер:

 «Қамшы» сілтейді  

 

Қатысты Мақалалар