"Құнанбайды" көру кеше бұйырды. Бір дәурдің қысқаша тарихын бейнелеген қазақ фильмін көруге қазақтардың өзінің құлықсызы қынжылтады. Билеттері де тым арзанға сатылып жатыр екен, сонда да көрермен жоқ. Кино бір сөзден ұнады, біткен іске сыншы көп дегендей әттеген-ай дейтін жерлері де жоқ емес.
Маған ең ұнаған жері орыс тергеушісінің "Кенесарымен қандай байланысың бар?" деген сұрағына жауабы мен Құнанбай итжеккенге айдалып бара жатқанда Барақтың босатып алып, екеуінің кезіккен сәті болды. Көзқарастары бір арнаға тоғыспаған қазақтың екі сұлтанының бірінің басына іс түскенде, екіншісі барын салып құтқарып, бір бірін бауырым деп бауырына басқанда жүрегің еріксіз елжірейді екен.
"Топ топқа бөлінген бүгінгі қазақтың бастары қосылмайтын бетке ұстарлары солай ете ала ма?" деген оймен такси ұстап үйіме қайтып келе жатқанмын. Көлік жүргізушісі "ахи" бауырым екен. Сөзден сөз шығып, одан намаз оқымайтын қазақтан, дінге келген қытайдың артық екенін, орыс болсын, қытай болсын намаз оқыса өз баурым деп қазақтан жақын тартатынын естігенімде айтуға жауап та таппай қалдым...
Ұмытып кетіппін ғой, Досхан ағамыз бен Таласбек марқом Құнанбайдың ауызымен қытайдағы қазақтар тұрған жердің қазақтардың өз жері екенін, қытайдың жері арыда жатқанын айтызыпты. Осы жері де өте орынды болған. Осындай құнды тарихи шындықтарды да кино арқылы қоғамға, жас ұрпаққа жеткізіп отығанымыз дұрыс болар еді.
Бәріңізді, көруге шақырамын. Барыңыздар. Өтініп қана кетейін, уақыттарыңызды шығарыңыздаршы!
Тұрдыбек Құрметханның "Фейсбук" парақшасынан
«Қамшы» сілтейді