Қайрат Нұрастың концертіне орай Астанада бірнеше көше жабылмақ

/uploads/thumbnail/20170708205434690_small.jpg

12 желтоқсанда Астанадағы «Астана-Арена» стадионында қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын» атты концерті өтеді. Осыған орай сол күні бірқатар көшелердегі көлік қозғалысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Астана ІІД-нің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, 12 желтоқсан күні кешкі сағат бестен концерт соңына дейін Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының Керей-Жәнібек хандар және Хусейн Бен Талал көшелерімен қиылысқан тұстарында көлік қозғалысын жол-патрульдік полиция қызметкерлері шектемек.

«Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы автокөлік иелерінен концерт өтетін орынға қоғамдық көлікпен жетуге кеңес береді», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Концертке орай, көрермендерді стадионға топтап жеткізу үшін арнайы көліктер бөлініп отыр. Қайрат Нұртас тыңдармандары «Қазақстан» концерт залынан, «Хазірет Сұлтан», «Нұр Астана» мешіттерінен, цирк пен Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион, «Жастар» театры жанындағы тұрақтардан жүретін автобустар арқылы концертке жете алады. Қала әкімдігі концерт аяқталған соң, тыңдармандарды кері алып шығу мәселесін де шешіп қойған көрінеді.

 

 

 

Қатысты Мақалалар