21 адамның өмірін жалмаған «СКАТ» ұшағының апатқа ұшырауына кінәлілер белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170708205437378_small.jpg

ҚР Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорының басшылығындағы Тергеу тобы 2013 жылдың қаңтар айында Алматы облысында 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің қаза табуына себеп болған «СКАТ» әуе компаниясы» АҚ-ның «CRJ-200» маркалы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын аяқтады. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің комиссиясымен бірлесіп және әуе апатын зерттеуге тартылған шетелдік және отандық әуе мамандарымен апаттың орын алу болжамының барлық мүмкіндігі тексерілді. Апатқа күрделі метерологиялық жағдайда ұшу экипажының екінші айналым кезінде жер бетінің дұрыс көрінбеуіне орай тиісті әрекет жасамауы, ұшақтың жоғары алуы үшін штурвалды «өзіне қарай» қалыпқа әкелмеуі себеп болған», - делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратына қарағанда, ұшудың соңғы минуттарында, жер үстіне жақындағандықты білдіретін борт компьютерінің ескерту дабылы қосылған уақытта, жұмыс қабілеттілігін ішінара жоғалтқан әуе кемесінің командирі ұшақты басқармаған, ал екінші ұшқыш құрылғылардың параметрлеріне бақылау жасаудың орнына, диспетчермен радиобайланыс орнатумен әлек болған.

Комиссия экипаж араларында ішкікабиналық коммуникативтік өзара байланыстың жеткіліксіздігін, олардың борткомпьютерінің ескертуіне әрекет етпегендіктерін, сондай-ақ ұшу құрамының медициналық тексеруден өту талаптарын орындамағанын атап өткен. Айта кетерлігі, әуе кемесінің командирі тексерусіз және отадан кейінгі оңалту кезеңсіз ұшақты басқарған.

Қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігін пайдалану ережесінің бұзылуына жол бергендері үшін ұшу экипажының мүшелеріне қатысты қылмыстық іс олардың мерт болуларына байланысты қысқартылды. Сонымен қатар, ұшқыштардың жіберген кемшіліктері мен Авиакомпанияның ұшу жұмысын жеткіліксіз ұйымдастыруында да тікелей себеп, байланыс бар.

Ұшу экипажы Қазақстан қолдамаған шетелдік оқу орталығында білім алған; ұшқыштар алдын ала дайындық және біліктілік арттыру курстарынан өтпеген, авиакомпания үнемі, сонын ішінде оқиға болатын күні ұшқыштардың еңбек және демалу режімдерін сақтамаған.

Аталған жұмыс саласына Авиакомпанияның ұшу қызметінің директоры жауапты. Қазақстан Республикасы Қылмысты кодексінің 344 бабының 3 бөлігімен күдікті ретінде танылған Авикомпанияның ұшу қызметі директорына қатысты қылмыстық іс 2015 жылғы 10 желтоқсанда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына жолданды.

 «Қамшы» сілтейді

 

 

 

Қатысты Мақалалар