Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов "Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!" тақырыбында түрмелерді реформалау жөніндегі ІІІ форумда мәлімдеді.
«Өкінішке орай, біздің пенитенциарлы жүйе кеңестік түрмелердің деңгейінде қалып отыр. Еркіндікте өмір сүре алмағандар түрмені пана етеді. Тіпті, кейбір қылмыскерлер үшін түрме мәңгілік мекен болып қалады. Соңғы екі жылда 433 сотталған азамат сонда жерленді» деді Асанов форумда сөйлеген сөзінде.