Бүгін Алматыдағы Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Халықаралық «Қазақ дауысы» ән байқауының Гала-концерті өтеді.
Гала-концертке байқаудың төрт кезеңінде 220 үміткердің ішінен іріктелген 14 жас өнерпаз жолдама алып отыр. Үміткерлер қатарында Қытай, Моңғолиядан арнайы келген өнерлі қандастарымыз да бар.
Байқау басты шарты бойынша барлық қатысушылар жанды дауыста ән шырқайды.
Қатысушылардың өнеріне Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкіман, Алтынай Жорабаева, Мөлдір Әуелбекова, Ұшқын Жамалбек бастаған қазылар алқасы баға береді. Шын үздікті анықтауда «Қамшы» порталы арқылы берілген тыңдаушылар даусы да ескерілетін болады.
Кеште өнер көрсететін қонақтар: Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкімәнов, Алашұлы тобы, Төреғали Төреәлі, Тұран тобы, Гаухартас, "Дүр қамшыны" шырқаған Әсет Есжан мен Олжас Абай, әсем дауысымен Еуропаны таңғалдырған жас жұлдыз Еркебұлан Елшат, т.б.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болады.