РАҚЫШЕВ «ЖЕТІНШІ АРНАНЫ» САТЫП АЛМАҚ

/uploads/thumbnail/20170708205444144_small.jpg

Қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев өзінің «Жетінші арнаның» 100 пайыз акциясын сатып алатынын  Kapital.kz –ке берген сұхбатында айтты.

Кәсіпкер 2015 жылдың соңына дейін арнаны сатып алу бойынша келіссөз жыл соңына дейін аяқталатынын айтқан.

«Бұл мәселе құжаттардың тез рәсімделуіне байланысты. Қандай да бір себептермен биыл үлгермесек, алдыңғы жылдың қаңтар айында сатып алу мәселесі шешіледі деп ойлаймын. Арнаны сатып алу туралы келіссөз жаздың соңынан бері жарты жылға жуық уақыт жүрді» деген К. Рақышев сауда сомасын «коммерциялық құпия» деп атаудан бас тартты.

Жаңа инвестордың айтуынша, арна жұмысында ешқандай кадрлық өзгерістер болмайды, телеарна бағдарламаларының негізгі мазмұны сақталады.

Қатысты Мақалалар