Brent маркілі мұнай баррелінің қаңтарлық фьючерстері лондондық ICE биржасында 38 доллар көрсеткішінен төмендеді.
Жұма күні бір уақытта мұнай баррелінің құны 37,94 долларды құрады. Кейін ол 38,01 доллар көрсеткішіне дейін көтерілді, бұл алдыңғы сауда сессиясындағы көрсеткіштен 4,3% төмен.
Қаңтарда жеткізілетін америкалық WTI маркілі мұнай баррелі жұма күні 2,5% - 35,85 долларға дейін арзандады.
Мұнай фьючерстері жұма күні 2008-2009 жылдардағы дағдарыстың ең төменгі көрсеткішіне дейін түсті.