Жергілікті полиция құрылымдары жаңаруда

/uploads/thumbnail/20170708205446815_small.jpg

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы талаптардың бірі – жергілікті полиция қызметін жетілдіру. Осыған орай, облыстардағы ішкі істер органдары құрамындағы бірқатар құрылымдар жергілікті полиция қызметі болып құрылуда. Қазір Ішкі істер министрінің орынбасарлары әр аймақты аралап, жаңа құрылымның қыр-сырын елге таныстыруда. Бұл туралы "Қамшы" порталы Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Таныстырды дегенде айтарлықтай өзгерістер мен құрылымдық жаңалықтар жоқ. Тек жаңа талаптар бойынша полицияның учаскелік полиция пунктері, кәмлеттік жасқа толмағандармен жұмыс инспекциялары мен мектеп инспекторлары, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, табиғат қорғау полициялары мен жол-патрульдік полициясы түгелдей жергілікті полиция мәртебесіне ие болып отыр. Полицейлердің айтуынша, бұл құрылым болашақта жергілікті халық пен өңір басшылығына тәуелді һәм есепті құрылым болмақ.

Сондай-ақ, ІІД таратқан хабарламада, жергілікті полиция қызметкерлерінің бұрынғы мемлекеттен алып келген жалақылары мен басқа да әлеуметтік кепілдемелері сол күйінде сақталатын көрінеді.

 

 

Қатысты Мақалалар