«Жамбы ату» жанданбақ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708205448503_small.jpg

Қазақстанда ұлттық «Жамбы» ату ойыны жанданбақ, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Астанада «Нұр Отан» партияының бастамасымен ұлттық ойынның ежелгі жауынгерлік өнер ретіндегі этно-мәдени маңызын ашуға арналған семинар өтіп, онда аталған ойын түрін дамытудың жай-жапсары айтылды.

Келер жылы қыркүйек айында «Жамбы атудан» Бурабай қаласында халықаралық жарыс өтпекші.

Ел ішінде аталған спорт түрінен чемпионаттың өткізіле бастағанына да көп болған жоқ. Енді спортшылардың қандай садақпен қандай жебе ататыны, ойын тәртібі мен стандарттары нақты ережелермен бекітілмек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жамбы атуды» спорттық деңгейден жалпы бұқаралық сипаттағы танымалдылыққа те етудің мүмкіндіктері зор.

«Нұр Отан» партиясы «Жамбы атуды» дамытуға жан-жақты қолдау көрсететін болады және осы ұлттық ойында танымал етуге барынша мүдделі, - дейді партия төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли.

 

 

Қатысты Мақалалар